№8 жалпы орта білім беретін мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Оқушылардың киім үлгісі

Жарияланған: 06.08.2025 | Автор: Каримбаев Талғат Жақсылықович

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕГІ “БІЛІМ ТУРАЛЫ” ЗАҢЫ
47-бап, 15-тармақ
Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
49-бап, 2-тармақ, 6-тармақша
Білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті.

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 14 ҚАҢТАРДАҒЫ №26 БҰЙРЫҒЫ
5-тармақ
Мектеп формасының үлгісі мен түсі – классикалық стильде, бірыңғай түстер гаммасында жасалады. Үшеуден аспайтын түстерді араластыруға рұқсат етіледі.
6-тармақ
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
7-тармақ
Мектеп формасы:
• күнделікті,
• мерекелік,
• спорттық болып бөлінеді.
13-тармақ
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

ҰЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ФОРМАСЫ
• Пиджак
• Жилет
• Шалбар
• Мерекелік жейде
• Күнделікті жейде
• Түймелері бар немесе сыдырмалы тоқыма күрте/кардиган
• Поло жейде немесе тенниска
• Қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка
Шалбар: еркін пішілген, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс.

ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП ФОРМАСЫ
• Пиджак
• Жилет
• Юбка
• Шалбар
• Классикалық жейде
• Түймелері бар немесе сыдырмалы тоқыма күрте/кардиган
• Поло жейде немесе тенниска
• Қысқы мезгілде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка
Шалбар: еркін пішілген, ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы тиіс.