Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Қамқоршылық кеңес
Жарияланған: 04.08.2025 | Автор: Каримбаев Талғат Жақсылықович
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, адал еңбегімен еліміздің дамуына және өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында “Еңбек күніне” арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мектеп директоры Р.К. Басмағанбетова өз еңбегінің үлгісі бола білген кіші қызметкерлерге ыстық ілтипатын білдіріп, алғыс айтты.
Мерекелік кеште 7-сынып оқушыларының қатысуымен ән мен жырдан шашу шашылып, көңілді билер орындалды.
Іс-шараны ұйымдастырған сынып жетекшілері:
Сатыбалдина А.З., Ермекбаева К.Н., Мапутова М.А., Қуанышева Д.С.