2024 жылдың 18 қазан күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде “Жайлы мекен” ата-аналарға арналған демалыс орны ашылды.
Жарияланған: 05.08.2025 | Автор: Каримбаев Талғат Жақсылықович
2024 жылдың 18 қазан күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде “Жайлы мекен” ата-аналарға арналған демалыс орны ашылды.
Жобаның мақсаты – мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала қауіпсіздігінің алдын алу, сондай-ақ балаларын күтіп келген ата-аналарға бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау. Бұл жерде ата-аналар домбыра тартып, шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, көркем әдебиеттермен және қолөнер бұйымдарымен таныса алады.
Іс-шараға “Даналық мектебінің” ата-әжелері, ата-аналар, ата-жеңгелер және мектеп ұжымы қатысты.
Лента қию құрметі «Мерейлі отбасы – 2024» аудандық байқауының І орын, облыстық байқаудың ІІ орын иегері – Телебаевтар отбасына берілді.
Құрметті қонақтар:
– Ата – Телебаев Сағынғазы Телебайұлы
– Әже – Телебаева Күлпаш Құттыбайқызы арнайы шақырылды.