1-қыркүйек – Білім күніне орай білім алушылардың білімге ұмтылысын
Жарияланған: 04.08.2025 | Автор: Каримбаев Талғат Жақсылықович
1-қыркүйек – Білім күніне орай білім алушылардың білімге ұмтылысын, патриоттық рухын, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында 1 және 11-сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға Шалқар қаласының әкімі Исаев Қорғанбек Рамазанұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалықбай Ақниет Мұқанбеткерімұлы, мектебіміздің ардагер ұстазы, Шалқар аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бекетова Маржанқұл Қалдауқызы қатысты. Қонақтар түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.